Жаңалықтар

Қазақстандық фермерлерге 136 млрд теңгеге несиелерді ұзарту мақұлданды

Өткен жылы қазақстандық фермерлер қолайсыз ауа-райына байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болды. Фермерлерді қолдау үшін жалпы сомасы 136,7 млрдтеңгеге несиелерді ұзарту мақұлданды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, BasAgro.kz хабарлайды.

«Аграрийлер Бәйтерек холдингінің қаржы институттары мен Азық-түлік корпорациясы арқылы айыппұлсыз қарыздарды ұзартады. Бүгінгі күні кейінге қалдыруға мақұлданған өтінімдердің жалпы сомасы АНК және ҚАҚ желісі бойынша 52,6 млрд теңгені, Азық-түлік корпорациясы желісі бойынша 84,1 млрд теңгені құрайды», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының отырысы барысында ведомство басшысы Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, 2023 жылы саланы субсидиялауға шамамен 500 млрд теңге бағытталды, оның ішінде Үкімет резервінен өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы бойынша субсидиялар бойынша қарыздарды өтеуге 60 млрд теңге бөлінді.

«Сонымен қатар, Үкімет резервінен әділ баға бойынша 350 мың тонна көлемінде бидайды тікелей сатып алуға 31,3 млрдтеңге бөлінді. Бұл астық өндірісін айтарлықтай қолдау», – деді министр.

2023 жыл ауыл шаруашылығы үшін өте қиын болғанына қарамастан, ҚР АШМ деректері бойынша аграрийлер 17 млнтонна дәнді дақылдар, 2,2 млн тонна майлы дақылдар және 5 млн тонна жемшөп дақылдарын жинады. Жиналған өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті, деп атап өтті ведомствода.

Басқа жаңалықтар

Back to top button