Жаңалықтар

Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз жем өткізбек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз 14 тонна жем өткізуге тырысқандар ұсталды, деп мәлім етті Қырғыз Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі, деп жазады BasAgro.kz.

Оны «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу пунктіндегі Ветеринария қызметі инспекторлары анықтады.

«Жүктің ветеринариялық құжаттары жоқ және ЕАЭО ветеринария-санитария талаптарын сақтамаған», – деп толықтырды ведомство.

Инспекторлар тиісті акт толтырып, жүк «Ақ-Тілек» бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасына қайтарылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button