«QazTrade» АҚ-ның Бас директоры тағайындалды
Рустам Асулбекұлы Асулбек «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды basagro.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рустам Асулбек 1976 жылы 1 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген.
1997 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде бастады.
2001-2007 жылдары ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Туризм және спорт министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2007 жылы «Қазақтуринвест» мемлекеттік компаниясының президенті болып тағайындалды.
2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ы қаржы институттары дирекциясының директоры, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.
2009 жылдан бастап «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2022 жылға дейін – Батыс Еуропа елдеріндегі компаниялардың басшысы.
2023 жылдың ақпан айынан бастап «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.