Жаңалықтар

Qoldau платформасы жұмысын тоқтатты

1 қаңтардан бастап Қазақстанда «Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» іске қосылды, деп хабарлайды basagro.kz тілшісі.

Бұдан былай субсидияларға барлық өтінімдер Qoldau платформасы арқылы емес,  gosagro.kz арқылы қабылданады. Субсидиялау дерекқоры Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.

«Qoldau платформасы ел басшылығының тапсырмалары шеңберінде мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін цифрландыру, бағалау, аудиторлық және бухгалтерлік қызметті цифрландыру, мемлекеттік кірістер органдарының мониторингі үшін астықты қадағалау саласы, банкроттық рәсімдерін цифрландыру, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мониторингі және басқа да ауқымды жобалар бойынша жаңа жобаларды іске асыра отырып, жұмысын жалғастырады», — деп хабарлады Ақпараттық-есеп орталығының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінің алдыңғы платформадан басты айырмашылығы — аграрларға оны пайдаланғаны үшін абоненттік төлем төлеудің қажеті жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button