Жаңалықтар

ҚР АШМ-де құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған іс шара өтті

ҚР АШМ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын таныстыруға арналған құқықтық оқыту өткізілді.

Оған орталық аппарат, құрылымдық бөлімшелер, ведомостволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу және олардың салдарын жою бағытында мағлұмат берілді.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң талқыланды.

Заңдағы мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің дербестігі, мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі, әкімшілік жауапкершілік мерзімі, пара беруге уәде ету, пара ұсыну және пара талап ету үшін қылмыстық жауаптылық, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциялар аражігі сияқты маңызды өзгерістер баяндалды.

Заңға енгізілген өзгерістер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы тұру және қоғамда адалдық пен әділеттілік қағидаттарын нығайту жолында маңызды қадам болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button