Жаңалықтар

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Е. ТАСЖҮРЕКОВ СЫР ӨҢІРІНЕ ІССАПАР БАРЫСЫМЕН КЕЛДІ

Жұмыс сапары барысында Ербол Қуанышұлыоблыстың шаруаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ірі инвестициялық жобаларға жеңілдетілген несие беру мәселелері қаралды. Бұл бағытта биылғы жылы облыста жеңілдетілген несие арқылы ірі 5 жобаны жүзеге асыруға Республикалық бюджеттен 5,0 млрд теңге қаражат бөлінді,деп хабарлайды BasAgro.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қаржыландыруға үміткер жобалардың ішінде жаңбырлатып суару бойынша — 3 жоба, жемістер мен көкөністерді сақтау қоймасының құрылысы бойынша — 1 жоба және сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша — 1 жоба қамтылған.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Қуанышұлыосы бағыттағы жүзеге асатын инвестжобалардың құрылысымен танысты.

Ең алдымен, «Техоснасткаремсервис» ЖШС-нің 2000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының жобасымен танысты.

Сонымен қатар, «Абай Дәулет» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысты.  ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Қуанышұлы шаруа қожалық өкілдерімен кездесу өткізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелерді ортаға салып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Вице-министр шаруалардың алға тартқан мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді.

Сапар барысында «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ашылған Шиелі ауданындағы «Барлыбай и К» ӨК-нің томат пастасы өндірісінің жұмыс барысымен танысты. Цехтың қуаттылығы тәулігіне 2 тоннақызанақ пастасын өндіреді. Қазіргі таңға 25 мың банка консервіленген өнімдері (аджика, салаты) сынақ ретінде шығарылды.

Ербол Қуанышұлы «Ауыл Аманаты» жобасы бойыншажылыжай өндірісін қолға алған кәсіпкермен кездесті. Қазіргі таңда жалпы алаңы 2800 шаршы метрді құрайтын 4 жылыжай салынып, 8 000 түп қияр, 2 000 түп қызынақ егілген.

Сапар соңында, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі өңірдің аграрлық саласын субсидиялау, инвестициялық жобаларды ашу, ауыл халқының табысын арттыру бойынша жеңілдетілген несие беру аясында тиісті шараларды қабылдап, қарқынды дамытуды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button