Қызылорда облысында күріш жармасын форвардтық сатып алу жобасы іске қосылуда
Қызылорда облысында «Байқоңыр» ӘКК немесе ЕДБ кепілдігімен облыста күріш жармасын форвардтық сатып алу бойынша пилоттық жоба іске қосылуда, деп хабарлайды basagro.kz.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаты күріш өсіретін АШТӨ-ні қаржылай қолдау болып табылады, бұл фермерлерге шала күрішін өндіру бойынша көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге және осы өнімді одан әрі күріш жармасына өңдеуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба сонымен қатар корпорацияның күріш жармасының бағасын тұрақтандыру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Күріш жармасын форвардтық сатып алу шарттары Қазақстан Республикасында өсірілген күріш дәнінен күріш жармасын өндірумен және күріш дәнін өсірумен айналысатын АШТӨ-мен жасалады.
Күріш жармасын форвардтық сатып алу бойынша шарт жасасу кезінде қаржыландыру сомасын есептеу 1 тонна АШЖ-ның егіс алаңының 1,5 гектарына арақатынасы негізге алына отырып жүргізіледі.
Корпорациямен форвардтық сатып алу шартын жасасу үшін әлеуетті өнім берушілер растайтын құжаттармен бірге корпорацияның облыстық өкілдіктеріне өтінімдер береді (корпорацияның облыстық өкілдіктерінің мекенжайлары сайтта жарияланған www.fcc.kz.).