Жаңалықтар

Шымкентте балық жемін өндіретін зауыт ашылады

Шымкентте балық жемін өндіретін зауыт ашылады, деп хабарлайды basagro.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.
Елімізде африкалық жайын балығын өсіретін шамамен он шаруашылық болса, соның бірі жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұрған Түркістан облысында орналасқан.
Кәсіпкер тез салмақ жинайтын, етті болып келетін жайын балығының бұл түрін Шымкент қаласында арнайы бассейіндерде бағып, одан кейін Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы тоғандарда тауарлы балыққа дейін өсіріп сатылымға шығаруда.
Шаруашылықты өрістетуге бет бұрған кәсіпкердің алға қойған жоспары ауқымды. Жылдық қуаттылығын одан әрі дамыту мақсатында, балық жемін өндіретін зауыт ашуды көздеп отыр. Алдағы уақытта өзге де балық түрлерін өсіруді қолға алғысы келеді.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылдан бастап балық жемін өндіру цехтарын салуға мемлекет тарапынан қолдау қарастырылды. Қазіргі кезде мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар «Акваөсіру туралы» Заң жобасы әзірленуде.
«Акваөсіру туралы» заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсаты балық өсірем деушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау, атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шараларын енгізу арқылы құқықтық негізді қалыптастыру болып табылады.
Бұл балық өсіруге деген қызығушылықты арттырып, жаңа шаруашылықтардың ашылуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button