Жаңалықтар

СҚО-да құс фабрикасына 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

«Адель құс» ЖШС-не қатысты жүргізілген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бағаларды белгілеу және қолдау жөніндегі келісілген іс-қимылдар бөлігінде бұзушылық фактісі анықталды, деп хабарлайды basagro.kz.

Тергеп-тексеруді жүргізудің негіздемесі СҚО аумағында тауық жұмыртқасын көтерме саудада өткізу бағасын белгілеу және ұстап тұру жөніндегі құс фабрикаларының келісілген іс-әрекеттерінде көрсетілген бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарламаны орындамау болды.

Қызылжар аудандық сотының қаулысымен «Адель құс» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынды.

Жоғарыда аталған сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кететін мәселе, өткен жылдың мамыр айында аудандық соттың қаулысымен аталған нарық субъектісі осындай бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылып, бұл құқық бұзушылықты анықтауда және салынған айыппұл санкцияларының мөлшеріне әсер етті.

Сонымен қатар, хабарламаны енгізудің бастапқы нүктесі тауық жұмыртқасын өндіру мен көтерме сатудың тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері болды.

Өз кезегінде бәсекелестіктің жай-күйін талдау бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерді анықтау, монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу мақсатында жүргізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button