Жаңалықтар

Түркістан облысында 5 мың тонна құс етін өндеретін фабрика іске қосылды

Бастаманың бірінші кезеңінде 10 мың бас етті «Бройлер» тауығының балапандары өсіріліп жатыр.

Бүгінде елімізде халықтың тұрмысын түзеу мақсатында кәсіпкерлік саласын қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда Мақтаарал ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика іске қосылды. «Мырзашөл-құс» ЖШС-ң құс фабрикасы — ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Сондай-ақ, өндіріс орны — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңір тұрғындарын құс етімен, жұмыртқамен қамтуға бағытталған.

Жобаның І кезеңі бойынша 10 мың бас етті «Бройлер» тауығының балапандары өсірілуде.

«Фабриканы барлық стандарттарға сай жасақтап жатырмыз. Құстарға жем, су беру толық автоматтандырылған. Мақсатымыз — халыққа сапалы, жоғары сұрыпты құс өнімдерін ұсыну. Бүгін жобаның І-кезеңін іске қосып отырмыз. Фабрикамыздағы құстар гармондық қоспаларсыз, өсу стимуляторлары қолданылмай, генетикалық түрлендіргіш заттарсыз өсіріледі. Алдағы уақытта фабрикамызды үлкейтіп, бірнеше кезең бойынша өнім санын да арттырмақшымыз. Қазіргі таңда 5 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы жобаның IV кезеңінде жұмысшылар саны 15-ке жететін болады» — деді, фабриканың басшысы Қасымхан Муталиев.

Айта кетейік, кәсіпорынның І, ІІ кезеңдері бойынша жылына 20 миллион жұмыртқа, 5 мың тонна құс етін өндіру және ІІІ, IV кезеңдері бойынша тәулігіне 48 тонна өнімді құрайтын жем цехын іске қосу көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button