Жаңалықтар

Ұлытауда жыл соңына дейін ет жобасы іске қосылмақ

Ұлытау облысында құны 1,2 млрд теңгелік ет жобасы іске қосылады деп күтіліп отыр, — деп Basagro.kz тілшісі LS басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Облыс әкімдігінің LS-ке айтуынша, нысан Жаңаарқа ауданында тұрғызылады. Жоба аясында 10 мың басқа арналған мал шаруашылығы кешені, мал сою алаңы ашылады. Сондай-ақ жоба аясында тоңазытқыш қоймалары іске қосылып, кейіннен етті өңдеу мен шұжық өнімдерін жасап, оны өткізу жолға қойылады.

Жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Жылына 6 мың тонна ет өнімдерін шығаратын өндірістік қуаты болады деп күтіліп отыр. Мал шаруашылығы кешені 74 адамды тұрақты жұмысқа қамтымақ. Кешен осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады.

Еске салайық, тағы бір өңірде – Абай облысында да құны 9 млрд теңгеге жуық ірі ет комбинаты салынады. Жобаны жүзеге асыру үшін бүгінде жер телімі бөлінді. Жаңа ет комбинаты мал союдан бастап, экспортқа дейінгі бүкіл өндіріс процесін жүзеге асырады деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button